Ашуланшақтық, ашуланғыштық, ашушаңдық, ызақорлық, шаялық, шамшылдық, күйгелектік, долылық

lat: Ashýlanshaqtyq, ashýlanǵyshtyq, ashýshandyq, yzaqorlyq, shaıalyq, shamshyldyq, kúıgelektik, dolylyq

Не болса соған ашулана берушілік, ызақор болушылық.

Көке, осы күйгелектігіңді, ашуланшақтығыңды қойсаң қайтеді? (С.Ерубаев)

Жасөспірімдердің көңіл ауаны өте өзгергіш, өкпелегіштік пен ашуланғыштық байқалады («Адам анатомиясы»).

Өзіңді сабырлы ұста, ашушаңдығыңды көрсетпе, - деп әпкeci ақылын айтады («Қазақстан әйелдері»).

Бәзіккен ызақорлығы ұстап, ашуланып кетті (С. Мұратбеков).

Тобықты,  шаялығыңды қылдың ба, білегі жуандығыңды қылдың ба? (М.Әуезов).

Мұның шап етпе шамшылдығына, сырт күңкілге күйіп-пісетініне мәз болатын (Т. Тілеуханов).

Күйгелектігі шын кұрыстаған кезде қызған табаға тipi түскен балықтай шоршып тулайды (З.Жәкенов).

Жанар бұрынғы жібек мінезді қыз емес, долылық буып, көтеріп алыпты (Т. Ахтанов).